Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет » Стадион туралы

Тарихы


Орталық Стадионның тарихы

1968 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионының көкалдандырылған футбол алаңы төселіп, ғимараттың батыс беткі трибунасының барлық  инфраструктурасы 10 000 көрерменге есептеліп, ірге тасы қаланған. 1969 жылы 29 қазанда құрылыс аяқталып, қала халқына пайдалануға беріліп, футболдан  Премьер лига ойындары, қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі мен түрлі ауқымды облыстық маңызы зор іс-шаралар бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.

Стадионның бірінші директор қызметін Китаев Фуат Хамитұлы атқарды.

Айта кетсек, өткен ғасырдың 80-90 жылдары "Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион" өткізілетін түрлі спорттық іс-шаралардың өткізетін орындардың бірі болды.

Стадионда жеңіл атлетика шеберлері арасында чемпионаттар және футбол клуб   ардагарлері мен «Қайрат» футбол клуб ардагерлері арасында футболдық кездесулер өткізіліп, жарыс жеңімпаздары марапатталды.

И.Нетто, В.Масколенко, Р.Досаев, В.Симонян, Т.Сегізбаев, К.Ордабаевтар стадионның футбол алаңының сапасының жақсы екенін айта келіп, өз алғыстарын білдірді.

2010 жылы орталық стадионға толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындары мен қала жастарының спортпен шұғылдануларына барлық жағдай жасалынып, жеңіл атлетика жүгіру жолағы жаңадан төселінді.

Қазіргі уақытта стадион қаламыздағы спорттық шаралар өтетін нысандардың бірі. Стадионда жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жас спортшылары, велоспорт, футбол мектебінің жас футболшылары және олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары да түрлі жарыстарға дайындалып өз шеберліктерін шыңдауда.

Бүгінгі таңда стадионның жүгіру жолағында жүгіруді жақсы көретін қала адамдары өз денсаулықтарын жақсарту мақсатында бірнеше километрлер жүгіріп «Салауатты өмір салтын» қалыптастыруда.

2017 жылдың тамыз айынан бастап стадионның директор қызметін Төлепов Төреби Алиханұлы атқаруда.