Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 11.02.2020Қаралғаны: 149 рет
« Ғани Мұратбаев атындағы стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кәсіподақ жиналысы

Бірінші болып кәсіпорын директоры Тулепов Туреби Алиханұлы сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымының маңызы мен атқаратын қызметтері жайлы түсіндірме жүргізді. Екінші болып кәсіподақ төрайымы Абубакирова Лаззат Әмірханқызы 2018-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстар есебін баяндап, әрі қарай өз лауазымынан бас тартып, жаңа қызметкерді тағайындауын ұсынды. Кәсіподақ төрағасына, атап айтсақ кәсіпорын шебері Алтынбеков Мұхаддам, кәсіпорынның кеңес беру сауықтыру бөлімінің фельдшері Бекишов Қонысбек және кәсіпорын қоймашысы Санбаева Баян Алтынбекқызының кандидатуралары ұсынылып, дауысқа салынды. 

Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары тарапынан берілген есепке қанағаттанарлық деген баға беріліп, жаңадан кәсіподақ төрағасына ұсынылған кандидаттар дауысқа салынып, ең көп дауыс жинаған кәсіпорын қоймашысы Санбаева Баян  Алтынбекқызы кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды.

Кәсіпорын директоры жаңадан сайланған кәсіподақ төрайымын құттықтап, алдағы уақытта 2020-2022 жылдарға жаңадан ұжымдық шартты бекітіп, соған сәйкес жұмыстардың  жүргізілу керектігін атап өтті.

Кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрайымы Абубакирова Лаззат Әмірханқызы, жаңадан сайланған төрайым Санбаева Баян Алтынбекқызын құттықтап, алдағы атқарылатын жұмыстарына табыс тіледі.