Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 11.03.2020Қаралғаны: 139 рет
8 Наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау

2020  жылдың 6-шы наурыз күні Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы Стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, кәсіпорынның әйелдер ұжымын құттықтауға байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты жиында кәсіпорын директоры Төлепов Төреби Алиханұлы  кәсіпорынның  әйелдер қауымына алғысын білдіріп, зор денсаулық, мол бақыт, отбасылық береке және бірлік тіледі.

Одан әрі директордың орынбасары Қуат Қошқарбайұлы Доненов құттықтау сөз сөйлеп, әйелдерге қауымына кәсіпорынның дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, көктемнің тамаша мерекесі – аналар мен әйелдер мерекесімен құттықтап, бірқатар мекеме қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттады. Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың алғыс хатымен кәсіпорынның бас есепшісі Эльза Шаукетқызы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Оспановтың алғыс хатымен кәсіпорын жұмысшысы Райкүл Садирқызы марапатталды.

Келесі сөз тізгінін кәсіпорын заңгері Нұржан Қабланбекұлы алып, әйелдер қауымына жылы лебізін білдіріп, кәсіпорын директоры Төреби Алиханұлы атынан әзірленген алғыс хатымен кәсіпорын қызметкелері Сәуле Демегенқызы, Құралай Ильяқызы, Гүлнар Нарегейқызын марапаттады. Рәсім соңында әйелдер қауымына естелік сыйлықтар мен  гүл шоқтары табысталды.