Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 07.05.2020Қаралғаны: 100 рет
7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтау!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Осыдан 28 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылып, олар тәуелсіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Отан – қашанда патриотизмнің қайнар көзі. Ұлы Даланың тарихында елжандылықтың, атамекенін сақтаудың, елге қорған болудың қалыптасқан жарқын үлгісі көп. Оны бүгінде әскери қызметшілердің барлық әскер тектері лайықты жалғастыруда. Бұл даңқты жол Ұлы Отан соғысында, шекара күзетінде, Ауған жеріндегі соғыста, «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен бүгінгі күні қоғамдық тәртіптің сақталуын, қалалар мен елді мекендеріміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан сарбаздарының әскери қызметінде де көрініс тапты.
Бүгінгі күні Бас әскери Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен армиямыз өзінің кәсібилігін, жоғары жауынгерлік дайындығын нықтап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, әскери міндеттерін мінсіз атқаруда. Әсіресе, қазіргі індетпен күресте қорғаныс саласы ерекше белсенділік танытып келеді. Осы мерейлі мерекені пайдалана отырып, барлық әскери сала қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз. Отан қорғаушыларды біз қашанда мақтан етеміз!
Мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, ашық аспан, еңбекте табыс, отбасылық бақыт тілеймін. Барлық азаматтарды біріктіретін ортақ құндылықтар – жасампаз еңбек, татулық пен келісім, Отанға деген адалдық әрқашан айнымас темірқазығымыз болсын!
Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы Стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымы