Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 01.07.2020Қаралғаны: 117 рет
ҚАЙСАР ТАРАЗБЕН ТЕҢ ТҮСТІ

  Араға 3 ай салып футболдан OLIMPBET Қазақстан чемпионаты қайта жалғасын тапты. Біріншіліктің 3 туры аясында өткен кездесуде «Қайсар» «Тараз» командасын қабылдады. Алаңға көптен бет алмаған қос команда аладопты сағынғанын алғашқы минуттардан ақ байқалды. Әсіресе алаң иелері Бабаханов қорғаған қақпаны жиі торуылдады. Бірде Колевтың, бірде Реджиналдоның гол соғатын мүмкіндіктері болды. Алайда қонақ команданың қақпашысы өз позициясында сауатты ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің бел ортасында Думан Нәрзілдаев айып соққысын сәтті орындап, командасын алға шығарды. 30 метрден шірене тепкен добы қақпаның тоғыздығынан табылды. Есеп 1-0! Кездесудің екінші жартысында Владимир Никитенко шәкірттері жылдам шабуылға көшіп, есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Тони Сильваның жойқын соққысы «Таразды» жеңілістен құтқарды. Есеп 1-1!