Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 14.08.2020Өзгертілді: 14.08.2020Қаралғаны: 110 рет
16 тамыз - Спорт күнімен құттықтау!

Қадірлі спортсүйер қауым!

Сіздерді Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған бір Жолдауында саламатты өмір салты және адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі болуы тиістігін атап көрсеткен болатын.

Өйткені, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық тамаша дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ денсаулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді.

Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшылар да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап, спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.

Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде. Толағай табыстарда жаттықтырушылардың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас.

Келешекте біздің спортшылар жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт жерлестеріміздің күнделікті өмір салтына айналарына сенімім мол.

Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтай отырып, өмірлеріңіз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын спортшыларымыздың қатары көп болуына шынайы тілектеспін!

Ізгі ниетпен : "Ғани  Мұратбаев атындағы Стадион" директор - Т.А.Тулепов