Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 03.07.2021Қаралғаны: 28 рет
Қайсар-Ордабасы

Қазақстан чемпионатының 19 турында "Қайсар" Шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады.
Артем Кучинның ысқырығынан кейін оңтүстік дерби жоғары қарқында басталды. Алаң иелері алғаш болып шабуыл ұйымдастырып, Бекхан Шайзаданың қақпасын нысанаға алды. Кездесудің 42 минутында Мақсат Байжанов қарымта шабуылдан нәтиже шығарды. Өркен Маханның берген пасын ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды.
Кездесудің екінші жартысында қарсыластар есепті теңестіруге ұмтылғанымен Қасқырлар қорғаныста сауатты ойнап, біріншіліктегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Қорытынды есеп 1-0!