Ғани Мұратбаев



атындағы стадион



Ғани Мұратбаев



атындағы стадион

Басты бет

Енгізілді: 30.11.2021Өзгертілді: 03.12.2021Қаралғаны: 83 рет
1 желтоқсан - тұңғыш Президент күні

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын!
Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «өз еліне пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – әрбір саясаткердің, әрбір ұлт перзентінің борышы мен парызы.» Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен                                                                                                                                            өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ - дәулет тілейміз! 

                                                                                                                                 Ізгі ниетпен, «Ғани Мұратбаев атындағы стадион» КМҚК директоры Т.Әбдіғаппарұлы